Іздеу
байланыс орталығы с 9:00 до 18:00
/kz

Uniclic құлыптау жүйесі

«Юнилин» компаниясы Uniclic құлпын ойлап тауып, патенттеді, ол бүгінгі таңда жылдам және жеңіл төсеу стандарты болып саналады. Бұл еден жабындары нарығындағы ең мықты құлып және көптеген өндірушілер оны пайдаланады, дегенмен Quick-Step-те әрдайым құлыптың ең соңғы нұсқасы болады, себебі ол ламинаттың әртүрлі қалыңдықтары үшін үнемі жетілдіріліп отырады.

Көптеген өндірушілер қалыңдығы 8 мм және 12 мм ламинат үшін құлыптың бірдей конфигурациясын пайдаланады, бірақ бұл дұрыс емес. Қалыңдығы 12 мм өнім үшін құлыптың басқа құрылымы қажет, себебі тақтайшалар жуандау -> сәйкесінше құлып ерекше берік болуы керек, панельдердің бір-бірімен тығыз ілінісуін қамтамасыз ету үшін.

Қалыңдығы 12 мм Quick-Step коллекциялары үшін Uniclic құлпының арнайы конфигурациясы қолданылады.

Uniclic құлпының артықшылықтары:

  • ламинатты өз бетіңізше тез және оңай төсеу;

  • құлып балауызбен өңделген – бұл төсеуді жеңілдетеді;

  • өте берік құлып – су өткізбейді;

  • құлып ламинаттың әрбір қалыңдығына бейімделген;

  • құлыптың үзіліске сынағының тамаша нәтижелері (бәсекелестерге қарағанда 2-3 есе жақсы);
  • орындықтардың роликтерімен сынақтың тамаша нәтижелері (бәсекелестерге қарағанда 2-3 есе жақсы);

  • ламинатты бөлшектеп, басқа бөлмеде қайта төсеуге болады;

  • бір тақтайшамен де, қатарлармен де төсеу мүмкіндігі;

  • құрастыру кезінде айырмашылықтар жоқ;

  • сықырламайды.



Uniclic құлпы туралы ақпарат бейне


Қарапайым монтаждау әдісі:

Unilcic патенттелген технологиясы мыналарға мүмкіндік береді:

  • тақтайшаларды көлденең күйінде қосу;

  • ламинатты қиын немесе мүмкін емес жерлерде (есік қорабының астында немесе радиатордың жанында) төсеу;

  • дұрыс емес пішінді бұрыштарға жарамды;

  • тақтайшалардың соңғы қатарын төсеу кезінде ыңғайлы;

  • құлып тақтайшаларды көтермей-ақ, тек соққылауышпен ұрып тұрып қосуға мүмкіндік береді.



Біздің Uniclic құлпы өмірді жеңілдетіп, уақытты үнемдейді! Ал бұл біздің заманымызда маңызды аспектілер!

Жақын жерде дүкен табыңыз
Веб-сайттың жұмысын жақсарту үшін біз cookie файлдарын пайдаланамыз.
Сайтта бола отырып сіз cookie файлдарын өңдеуге келісесіз